Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығының «Жазғы ғажайыптар» жобасы шеңберінде «Бағдаршам-менің досым» атты сурет конкурсы бастама алды.
20-06-2011 09:06
Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығының «Жазғы ғажайыптар» жобасы шеңберінде «Бағдаршам-менің досым» атты сурет конкурсы бастама алды.

Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығының «Жазғы ғажайыптар» жобасы шеңберінде «Бағдаршам-менің досым» атты сурет конкурсы бастама алды. Өз суреттерінде қаланың бастауыш сынып оқушылары сенімді достары Бағдаршам туралы, жол жүру ережелері жөнінде біршама мағлұматты айтып та, бейнелеп те берді. Әрине, балалар тырысып бақты. Әркім жан-дүниесімен беріліп, көше қиылыстарын, автомашиналарды, бағдаршамдарды асфальт бетіне түсірді. Аз ғана уақыт ішінде Орталық Жағажай түрлі-түсті күйге еніп, жайнап кетті. Суреттер өте мазмұнды болып шықты. Осы конкурс көптеген адамдарды қызықтырып, олар жақындап келіп, балалардың шығармашылығын тамашалаумен болды.

Балалардың өнерін бағалауға құрамына Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығының балалардың бос уақытын қамту клубтарының қосымша білім беру ұстаздары, үйірме жетекшілері кірген әділқазы алқасы жиналды.

Конкурстың қонақтары және қатысушылары болып қалалық туберкулезге қарсы санаторий балалары келді. Барлығы осы конкурста

297 қатысушы және 200-ге жуық көрермен болды.

Барлық жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар дипломдармен марапатталды. Конкурстың жеңімпаздары болып №26 және №16 мектептің шығармашылық топтары анықталды. Ал №43 мектептің қатысушылары

1 орынға ие болып, сыйлыққа қол жеткізді.

Конкурстың белсенді қатысушылары атағын алған №39, 40, 36, 21, 16, 6, 1, 14 мектептің шығармашылық топтары болды.