Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Қала оқушылары Абай шығармаларын білуде жарысты
21-11-2024 11:21
Қала оқушылары Абай шығармаларын білуде жарысты

       Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен  №35 мектепте  2024 жылы 20 қарашада «Абай оқулары» республикалық шығармашылық конкурсының қалалық кезеңі өткізілді.

     Конкурстың мақсаты-ақын Абай мұрасын жас ұрпаққа насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Абай Құнанбаев әлі күнге дейін ұлы ойшылдардың бірі болып саналады, өйткені ол өз еңбектерінде адам бейнесінің жоғары құндылығын дәріптеп, мәңгілік философиялық мәселелерге  жауап іздеді, еліміздің тарихында ғалым, ойшыл, ақын, ағартушы, жаңа ұлттық әдебиеттің негізін қалаушы, аудармашы және композитор ретінде өшпес із қалдырды.

       Конкурсқа қаланың 34 жалпы білім беру мектебінен 8-11 сыныптың 96 оқушысы қатысты, оның ішінде 55 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды:  І орын – 7 оқушы, ІІ  орын – 18, ІІІ орын -30.

Абай шығармалары бойынша «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» бағытында        10 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. І орынды Б.Момышұлы атын№ 7 мектебінің 10 сынып оқушысы Әсет Альтаир, ІІ  орынды № 17, 35, Кенжекөл және Жетекші мектептері, ІІІ орынды  № 21, 25, 31, Ш.Шөкин атындағы гимназия-мектебі, Малайсары батыр атындағы мектеп оқушылары  иеленді.

Екінші бағытта «Абайдың қара сөздері» - Абайдың қара сөздерін жатқа оқу бойынша  жүлделі орындармен марапатталды. І дәрежелі дипломмен № 29 мектебінің 10 сынып оқушысы Сакенова Жанель,  ІІ орынды № 2, Мәшһүр Жүсіпатындағы, Жетекші мектеп, ІІІ орынды Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебі,  Қ.Бекқожин атындағы, С.Торайғыров атындағы, Ж. Ташенев атындағы және № 17, 25, 31 мектеп оқушылары иеленді.

«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясында - Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын оқу. І дәрежелі дипломмен № 25 мектептің 9 сынып оқушысы Ахунова Динара, ІІ дәрежелі дипломмен № 33, 35, М.Әуезов атындағы мектеп, ІІІ дәрежелі дипломмен № 2, Қ.Бекқожин атындағы мектептердің оқушылары марапатталды.

  «Көңілім әнді ұғады» номинациясында - әндер мен күйлерді орындаушылар байқауы.   І орынды Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Қалиасқар Гауһар, ІІ орынды № 24, 35, 43, Б.Момышұлы атындағы, М.Әуезов атындағы мектеп оқушылары, ІІІ орынды № 2, 7, 11, 17, 25, 31, 33, 41, М.Әлімбаев атындағы, Мәшһүр Жүсіп атындағы, С.Торайғыров атындағы мектеп оқушылары иеленді.

   «Жүйріктен  жүйрік озар жарысқанда» номинациясы жас дарындар байқауы.        І орынды № 17мектептің 11 сынып оқушысы Туғанбай Әмірхан, ІІ орынды Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің және Малайсары батыратындағы мектеп оқушылары, ІІІ орынды № 30, 31,  Ж.Ташенев атындағы, Кенжекөл мектеп оқушылары иеленді.

«Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» номинациясы бойынша, оқушы Абай  туралы көркем туындыларды толық білу, талдау жасай алуы керек. І орынды 11 сынып оқушылары Мәшһүр Жүсіп атындағы мектептің Орал Гульден және Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің Солтанмұрат Айяулым, ІІ орынды № 38мектеп, ІІІ орынды Ж.Тәшенев атындағы мектеп оқушысы иеленді.

          Барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарымен марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы  білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Қалалық турдың жеңімпаздары облыстық оқу кезеңіне қатысады.