Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала оқушылары Мәшһүр Жүсіп Копеев шығармаларын білу бойынша жарысты
29-11-2024 11:07
Қала оқушылары Мәшһүр Жүсіп  Копеев шығармаларын білу бойынша  жарысты

Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен  2024 жылғы 28 қарашада Мәшһүр Жүсіп мектебінде «Мәшһүр Жүсіп оқулары» республикалық байқауының қалалық кезеңі өткізілді.

Байқаудың мақсаты-қазақстандық жазушылардың әдеби мұрасын дәріптеу, оқушылардың классикалық қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Мәшһүр Жүсіп Көпеев - қазақ ақыны, ойшыл, тарихшы, этнограф, шығыстанушы және қазақ халқының ауызша халық шығармашылығын жинаушы.

        Байқауға  қаланың 25 жалпы білім беретін мектебінен  8-11 сыныптың 62 оқушысы қатысты, оның ішінде 37 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды, оның ішінде І орын – 5, оқушы, ІІ  орын - 12, ІІІ орын  – 20.

Ережеге сәйкес байқау бес бағыт бойынша өткізілді: жас таланттар өз шығармаларының өлеңдерін оқыды; жаңадан бастаған зерттеушілер Мәшһүр Жүсіп Копеевтің өмірі мен шығармашылығына арналған жобаларды қорғады; ұсынылған үш тақырыптың біріне эссе жазды; қатысушылар ғалымның фольклорлық шығармаларындағы халықтың ұлы тұлғаларын (билер, ақындар, хандар, батырлар) сипаттады.

 «Алдым өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген»бағытында  І орынды Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы  Жылқайдарова Сана; ІІ  орынды № 33, 38 мектеп оқушылары; ІІІ орын  № 30, А.Шамкенов атындағы лицей-мектебі, Ж.Тәшенев атындағы мектеп оқушылары иеленді.

 «Бас болып өнер білсең, тіпті  жақсы»екінші бағытта І  дәрежелі дипломмен № 25 мектебінің 8 сынып оқушысыТемирболатов  Надир; ІІ дәрежелі дипломмен №  35, Қ.Бекқожин атындағы мектеп оқушылары;  ІІІ дәрежелі дипломмен № 29,   М. Жүсіп атындағы, Ж.Тәшенев атындағы мектеп оқушылары марапатталды.

 «Білімді зерек адам болам!»- десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» бағытында - І дәрежелі дипломменӘ.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Солтанмурат Айяулым; ІІ дәрежелі дипломмен № 17, 21, А.Байтұрсынұлы атындағы, Ж.Тәшенев атындағы мектеп оқушылары;   ІІІ дәрежелі дипломмен № 25, 29, 33, 35, 38, М.Жүсіп атындағы, Б.Момышұлы атындағы мектеп оқушылары марапатталды.    

             «Мәшһур Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Хандар, батырлар»бағытында - І орынды  М.Жүсіп атындағы мектебінің 11 сынып оқушысы, Орал Гульден;                 ІІ орынды № 2, М.Әуезов атындағы мектебінің, ІІІ орынды № 7, 29  Қ.Бекқожин атындағы мектеп оқушылары иеленді.

«Мәшһур - Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Би-шешендер, жырау-ақындар» - І орынды  М.Жүсіп атындағы мектебінің11 сынып оқушысы Құлтан Темірлан; ІІ орынды № 25, Ж.Тәшенев атындағы мектеп оқушылары; ІІІ орынды № 2, 29, 30, Қ.Бекқожин атындағы мектеп оқушылары ие болды.

Барлық қатысушыларға  «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығының сертификаттары берілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Қалалық кезеңнің жеңімпаздары ағымдағы жылы 12 желтоқсанда  облыстық кезеңге қатысады.