Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Балауса – 2012»
16-02-2012 03:19

.Бүгін Палодар қаласы әкімдігі, Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылық орталығы»МҚКК жылда өткізілетін  «Эстрадалық вокал» номинациясы байқауымен  «Балауса-2012»  қалалық балалар шығармашылығы фестивалі басталды.

    Балалар шығармашылығы байқауы қаланың ең талантты оқушыларын жинайды.Бұл байқаудың ерекшелігі,бастаушы талапкерлер үлкен сахнаға алғашқы қадам жасайды- бұған көркем өнерпаздар ұжымы және әншілер қатыса алады.

   Биылғы жылы байқау үш номинацияда өтеді –  эстрадалық, театралдық және хореографиялық.Бүгінгі күні ұйымдастырушы комитетке барлық  қаланың мектептерінен, мектептен тыс мекемелерден,балалар үйінен, мектеп-интернаттан    жүзден аса тапсырыс қабылданды.«Эстрадалық вокал» номинациясына  100 конкурсант тапсырыс берді. 

    Жылдан жылға қатысушылар саны ғана емес, олардың  шеберлік деңгейі де өсуде.Әділ қазылар құрамына кәсіби   вокалистер, музыканттар, хореографтар, актерлер, қаланың мәдени орталығынан, музыкалық мектептер , педагогикалық колледж ұстаздары енді. Жылдан жылға қатысушыларды бағалау қиынға түсуде- әрқайсысы өз ерекшеліктерімен көзге түсуде.

    «Эстрадалық вокал»номинациясы байқауының  іріктеу кезең фестивалі бастау алды.Әрі қарай қалған номинацияның байқауы өткізіледі.Қорытындылар сәуірде гала-концертте жасалады.Ең жақсы қатысушылар үш жас ерекшелік тобымен белгіленеді.

    «Балауса» балалар шығармашылығы фестивалінің мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қызметін ынталандырады,таланттарын айқындайды,оқушыларды өнердің әр түріне баулиды .

  Ұйымдастырушылар: Палодар қаласы әкімдігі,Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылық орталығы»МҚКК.