Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Парад идей» формалдық емес шығармашылық бірлестігінің қалалық фестивалінің финалдық туры
10-04-2012 10:16

11 сәуірде сағ. 15.00-де  №30 ЖОМ қала мектептері  оқушылары арасында рэпер, брейк-дансер және бит-боксерлерді анықтайтын, «Парад идей» формалдық емес шығармашылық бірлестігінің қалалық фестивалінің финалдық туры өтеді.

«Парад идей» формалдық емес шығармашылық  бірлестігінің  қалалық фестивалі қала мектептерінің оқушылары арасында бит-боксер,брейк-данс, ең жақсы рэперін анықтайтын финал кезеңімен аяқталады.

Бұл фестивалді жылда Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылық орталығы»  МҚКК ұйымдастырады, формалдық емес стилде орындайтын, ұжымдар және жеке қатысушылар, экспромт-топ арасында өткізіледі. Соңғы екі жылда фестивалдің  жаңалығы-байқаудың дәстүрлі бағытына –брейк-данс және рэп – қала оқушыларының арасында жаңа бит –боксингті қосу шешілді.

Финалға іріктеу турынан өткен, әншілер және топтар қатысады. Әділ қазылар құрамына енген қаланың ди-джей  жүргізушілері, музыканттар мен хореографтар қатысушылардың жоғарғы деңгейін  белгіледі. Павлодар жастары белгілі әртістерден қалыспайды. Байқаудың бірінші іріктеу туры бастаушы музыканттар өздері өлеңдер,музыка,өзінің шығармалары үшін  бит  ойлап шығарады,ал бишілер нөмірлер құрастырады. Балалардың шығармашылық  стилі және тақырыбы әртүрлі  жоспарлы болғанын айтып кетуге болады. 

Іріктеу тур байқауына,балалар тиянақты дайындалған көбінің  жеңіске жетуге  мүмкіндігі бар. Іріктеу турының қорытындысы бойынша финалға, сегіз рэпер командасы және орындаушылар, төрт брейк-данс сүйіспенділер ұжымы, төрт бит-боксер шықты. .Жеңімпаздарға балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығының кубогын табыс етіледі, фестивал  лауреаттары  дипломдар және мақтау қағаздарымен марапатталады.

«Парад идей»  соңғы төрт жылда жыл сайын өткізіледі және  Павлодардың  мектеп өмірінің  дәстүрі болды.Жыл сайын осындай шығармашылықпен айналысатын балалар саны, сонымен қатар бастаушы әртістердің шеберлік деңгейі   өсуде.

Шара мақсаты:балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қызметін жүйелеу,олардың таланттарын айқындау,оқушыларды өнердің әр түріне баулу:қала жастарын формалдық емес бірлестікпен  бірігіп қызмет жасауға, танысуға, қарым-қатынас үшін кеңістік құру.