Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Биікке самғаған Қазақстан» атты жас техниктер көрмесі
13-04-2012 06:25

2012 жылдың 11 сәуірінде республикалық «Болашақ бүгіннен басталады» акциясы шеңберінде Павлодар қаласында «Биікке самғаған Қазақстан» атты жас техниктер көрмесі өткізілді. Бұл көрме дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күніне арналып ұйымдастырылады.

Ұйымдастырушысы «ЖасҰлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ.

Көрменің мақсаты балаларды техникалық өнерге тарту, еңбекке деген шығармашылық қатынасты белсендіру, бала еңбегіндегі жаңа бағыттар мен технологияларды анықтау және насихаттау болып табылады.  

Көрмеге авиамоделдеуден көптеген республикалық және халықаралық көрме конкурстарының жүлдегерлері болған «Жас Ұлан» ұйымының белсенділері  қатысады. Көрме қатысушылары нағыз жасұландықтар болып келеді. Бұл республикалық ұйымның қатарына оқуда, ғылымда, спортта және шығармашылықта ең үздік болған балалар кіреді. Солардың бірі болып павлодарлық техникалық мектептің тәрбиеленушілері де айтылады, олар өз жетістіктерін іс жүзінде көрсете білді. Себебі жасұландықтар болашақта ел абыройы болып, Қазақстан Республикасының дамуына өз үлестерін қосуы керек.

Соңғы уақытта техникалық шығармашылыққа қызығушылық танытқан балалар саны өсіп келеді. Мұндай жағымды тенденция қуантпай қоймайды, сондықтан бұл шара елге техникалық мамандықтар қажеттігін түсіндіруге бағытталған.