Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
ПАВЛОДАРДА «ЕРЕКШЕ» БАЛАЛАР ҮШІН КВН ТУРНИРІ ӨТКІЗІЛДІ
05-04-2013 09:31
ПАВЛОДАРДА «ЕРЕКШЕ» БАЛАЛАР ҮШІН КВН ТУРНИРІ ӨТКІЗІЛДІ

сәуірде сағат 14.00-де №30 мектепте (Ледовский к.,18/3)спорттық, шығармашылық  және тағы басқа  жобалар мен шараларға өмірдің қиын жағдайында қалған, балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын қамту мақсатында,сонымен қатар "қауіпті топ" мектеп іші бақылауында және кәмелетке толмағандар есебінде   тұрған балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын қамтуды қамтамасыз ету үшін Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығымен жүзеге асырылатын  «Путь к себе: шаг за шагом»жоба шеңберінде «Сәуір бойы ешкімге сенбе» КВН чемпионатының финалдық туры өтеді.

  КВН қазіргі жастар арасында ең танымал ойындардың бірі. Сондықтан ұйымдастырушылармен Павлодар қаласы Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығының «Путь к себе: шаг за шагом» ұзақ мерзімді  жобасының  шаралар жоспарына КВН бойынша турнирді енгізу шешілді.

Чемпионат  балалар мен жасөспірімдердің  шығармашылық қызығушылығын дамыту, ұжым қызметі үшін жағымды атмосфера құру, балаларды қылмыс және бақылаусыздықтан сақтандыру, КТІЖ және МІБ есепте тұрған, «қауіпті топ» балалары мен жасөспірімдерінің бос уақытын тиімді қамту үшін жағдай жасау,кәмелетке толмағандар және мектеп іші бақылауында есепте тұрған «қауіпті топ»  оқушылары енген қала мектептерінің командалары арасында өтеді.

Чемпионатта қаланың 19 мектебі командасынан, жүз елуден аса  бала қатысты. Наурыз айында өткен қатаң іріктеу турынан кейін,олардың  команда саны 8-ге дейін қысқартылды олар № 2, 4, 7, 14, 17, 19, 22, 30мектептері.Шешуші ойын жақсылардың  жақсысын анықтайды. 

Ұйымдастырушылар сенімді: үнемі бос уақытты қамту бойынша әртүрлі шаралар өткізсе,балалардың белгілі бір спортқа талантын немесе шығармашылық  қызметін   айқындауға көмектесеміз. Ал ауқымды жобаға қатысу олардың үнемі ынталы шұғылдануына негізделеді. Осындай шаралар балалардың өз құрбыларымен қарым-қатынас мүмкіншілігін ашуға, қабілетін жүзеге асыруға,сонымен қатар қоғамда өзін-өзі анықтайды  және  салауатты өмір сүруін қалыптастырады. Бұл  әлеуметтік - маңызды жеке тұлға болу жолдарының  ең маңызды қадамдарының бірі. 

Жаз және күз бойы «Путь к себе: шаг за шагом» жоба шеңберінде «ерекше» балалар үшін жалпы қалалық спорттық  чемпионат өткізілді (кіші-футбол және баскетбол). Қысқы-көктемгі кезеңде  КВН ойынынан басқа спорттық шаралар жоспарланды (баскетбол, теннис), «Минута славы»  талант фестивалі  және т.б.