Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«БАЛАУСА-2013» БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ФЕСТИВАЛІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІ
11-04-2013 06:18
 «БАЛАУСА-2013» БАЛАЛАР  ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ  ФЕСТИВАЛІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІ

 

 Павлодар қаласы білім беру бөлімі  Балалардың  бос уақытын қамту және шығармашылық орталығымен жыл сайын өтетін «Балауса - 2013» балалар шығармашылық фестивалі аяқталуға жақындады. Соңғы іріктеу туры «Хореография» 12 сәуірде сағ.10.00.-18.00-де №18 ЖОМ (Мекен-жайы: Я. Геринг, 79) мәжіліс залында қаланың мектеп-интернаты және балалар үйі, мектептен тыс мекемелері мен барлық мектептің  хореографиялық ұжымдары қатысады. «Балауса»  фестиваль арқасында олардың ерекше байқауы ұйымдастырылады.

Биылғы жылы осы байқау  кезеңінің ерекшелігі жанрлық шектеу болып табылады-ұлттық және балалар биі жіберіледі (балалар тақырыбы, сюжет). Осы шектеу осы жылы енгізілді,өткен жылғы байқауға формалдық емес, таңдаулы, эстрадалық, ұлттық бағыт және барлық мүмкіншілік стилінің би нөмірлері қатыса алды. Екі жанрдың бөлінуі осы бағытқа балалардың қызығушылығын қолдау мақсатында шартталған. Байқауға балалар ондаған би нөмірлерін дайындады. Оларды әділ қазылар құрамына енген  кәсіби хореографтар, мәдени қызметкерлер, ұстаздар бағалайды.

 «Хореография» номинациясының іріктеу туры биылғы  жылы фестиваль бағдарламасын аяқтайды.Дәстүрлі фестиваль  байқау жанрының  көбею себебінен  өткен жылдың аяғынан  әдеттегіден ертерек басталды. Фестиваль  жыл сайын  ауысатын  балалар шығармашылығының   үш  бағыты бойынша байқау жариялайды. Биылғы жылы байқау бес номинацияда өтеді – «Бағдарлама жүргізушісі», «Халық аспаптар оркестрі», «Вокал», «Хореография», «Өзіндік жанр». Лауреаттардың ең жақсы нөмірлері  26 сәуірде қорытынды дәстүрлі гала-концертте жасалады. Ең жақсы қатысушылар үш жас ерекшелік тобымен белгіленеді.

Жалпы есеппен  фестивальге қатысу үшін  ұйымдастырушы комитетімен мыңдаған оқушы енген қаланың барлық  мектептен тыс мекемелерінен және мектептерден, сонымен қатар балалар үйінен, мектеп-интернаттардан жүздеген тапсырыс қабылданды. Ежелгі балалар шығармашылық байқауының бірі қаланың талантты оқушыларын біріктіреді.  Жылдан жылға  қатысушылар саны ғана емес, оның шеберлік деңгейі де өсуде деп белгілейді   фестиваль әділ қазылары.

«Балауса»  балалар шығармашылығы  фестивалінің мақсаты - балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қызметін ынталандырады,таланттарын айқындайды,оқушыларды өнердің әр түріне баулиды.