.
«ЛИД» жоғарғы сынып оқушыларына арналған жазғы көшпелі мектебі балалар мен жасөспірімдердің жазғы бос уақыттарын қамту, балалар арасындағы заң бұзушылықтың алдын алу, Павлодар қаласы мектептеріндегі балалар қозғалысы мен жоғарғы сынып оқушыларының өзін өзі басқаруын белсендіру, сонымен қатар Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығының ««ЛИД» көшбасшылар мектебі» ұзақ мерзімді жобасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды.
Бұл лагерьге қала бойынша 90 бала қатысты. Жылына бір рет ұйымдастырылатын осы шара көптеген балаларды таныстырып, біріктіріп, бір ортақ іске жұмылуға мүмкіндік береді.
Лагерьде қаланың көшбасшылары келіп дәріс оқып, практикумдар өткізіп өз тәжірибелерімен бөліседі. Сонымен қатар күніне спорттық шаралар, ән сағаты, экспромт шаралармен қоса дайындалатын тағы 2 тақырыптық шара өткізіледі.
Мектептің өткізілу нәтижесі ретінде «Білім аукционы» атты шара ұйымдастырылып, мұны өткен әр балаға сертификат ұсынылады.