Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Біз еліміздің болашағымыз.
05-07-2016 09:18
Біз еліміздің  болашағымыз.
2016 жылы 4 шілдеде Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығымен ұйымдастырылған «Жас Ұлан» ББЖБ құрылғанына 5 жыл және Қазақстан Республикасы Астана Күніне арналған «Біз еліміздің болашағымыз» жасұланшылар III қалалық форумы өткізілді. Форум 2015-2016 оқу жылының балалар мен жасөспірімдер ұйымы жұмысының қорытындысын жасады. Форум қатысушылары жоғары сынып көшбасшылары және республикалық, қалалық байқау жеңімпаздары, Балалардыың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығының қалалық жобаларында, өзін-өзі басқару Кеңесінде белсенді қатысқан 38 жалпы білім беру мектептерінен 111 оқушы қатысты. Қалалық «Жас Ұлан» ББЖБ үйлестірушісі Ахметова Манзия Ермекқызы баяндама жасады, ол форумның пленарлық бөлімінде жасалған жұмыс туралы ақпараттық шолу жасады. Қосымша баяндамашылар мектептің өзін-өзі басқару жұмысы және мектеп омбусменнің жұмысымен ерекшеленген № 25 ЖОМ оқушысы Абелдинова Ажар және № 25 ЖОМ оқушысы Байғожина Сабина тәжірибелерімен бөлісті. Форум қонақтары – пионер қозғалысының ардагерлері Абылкасова Зауреш Асылханқызы және Аксенова Виктория Федоровна, «Жас Отан» «Нұр Отан» партиясы Жастар қанаты облыстық аппарат филиалының басшысы Сарсенов Оразали Төлегенұлы, әкелер Кеңесінің өкілдері Чернышов Максим Николаевич, Конопля Вячеслав Александрович жиналғандарды мерекемен құттықтады және жұмыстарына табыс тіледі. 2016 жылы қазанда жоспарланған, қалалық жасұланшылар Құрылтайын өткізуге белсенді дайындауды бастауға барлық балалар бірлестігіне кепілдеме берілді, бірлескен шығармашылық және басқа шараларды өткізу туралы облыс, қала жастар ұйымы мен құзырлық мемлекеттік бөлімдерге хабарласып, алдымыздағы жылда қызықты әлеуметтік - маңызды жобаларды жүзеге асыру, оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының қызметін түрлендіру қажет. Форум жұмысының қорытындысы Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығының грамоталары және құрметті белгілерімен балалар ұйымындағы шығармашылық жұмысы үшін жоғары сынып көшбасшыларын марапаттау болды, оны ББУҚШО басшысы Павловская Наталия Алексеевна табыс етті. Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығының «Біз біргеміз» ұзақ мерзімді жобасына қатысып жүлделі орын алған №14, 19, 22, 25, 26, 40, 43 мектеп аға тәлімгерлеріне алғыс білдірілді. Делегаттар форумнан шабыттанып, толық шығармашылық ойлар және идеялармен кетті.