Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Менің астанам
28-06-2016 09:38
Менің астанам
Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығының «Летние чудеса» жазғы жоба шеңберінде Орталық Жағажайда «Астана Күні» қарсаңында «Мелками на асфальте» байқауы өтті. Жазғы демалыс кезеңінде қалада демалушы, оқушылар арасында шығармашылық байқауға ең кішкентай 1-4 сынып оқушыларын баулуды шешті. «Летние чудеса» жобасы жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын қамту бойынша «Әлем-бала» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады. Жоба мақсаты: жазғы демалыс кезеңінде бастауыш сынып оқушыларының бос уақытын ұйымдастыру; патриотизм сезімін тәрбиелеу; балалардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру; олардың ұжымдық шығармашылық жұмыс дағдыларын қалыптастыру. Фестиваль қатысушылары, бұл Павлодар қаласы мектептерінің 300 қыздары мен ұлдары өз қабілеттерін көрсетті. Ұжымдық сурет салуда балалар біздің астана Астанамыздың көрікті жерлерін суреттеді. Барлық қатысушылар жазғы жобаға белсенді қатысқаны үшін грамоталар алды.