Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Павлодарда 14 жастағы жеткіншек ең ақылды оқушы атанды
28-10-2016 01:48
Павлодарда 14 жастағы жеткіншек ең ақылды оқушы атанды

«21 ғасырдың Сократтары» байқауы биыл сегізінші рет ұйымдастырылып отыр. Қаладағы 43 мектептің 7-10 сынып оқушылары арасында бір ай бойы өткен іріктеу кезеңінен ақтық мәреге ең ақылды тоғыз бала шыққан. Бүгінгі шара жобаның авторы балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығы әдістемелік бөлімінің меңгерушісі болған Валерий Коломеецті еске алуға арналып отыр. Бұл ойын оқушылардың зейінін дамытуға, оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Мұнда логикалық тұрғыдан ойлауды қажет ететін және барлық пәнді қамтитын сұрақтар бар. Соңғы кезеңде блиц-сауалдар, экрандағы бейне сауалдар және ауыспалы сұрақтар бойынша мүдірместен дұрыс жауап берген балаға әр тапсырма үшін бес ұпай есептелді. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша бірінші орынды № 24 мектептің оқушысы 14 жастағы Даниил Соловьев, екінші орынды № 6 мектептің оқушысы 15 жастағы Богдан Мотыскин және үшінші орынды № 24 мектептің оқушысы 16 жастағы Кирилл Вырвинский иеленді. Ойынға пәндік, тақырыптық, қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық байқаулар мен олимпиадалардың жеңімпаздары қатыса алмайды.