Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас ұрпақтың ЭКСПО-ға көзқарасы
05-07-2017 04:41
Жас  ұрпақтың  ЭКСПО-ға көзқарасы

Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен «Әлем. Бала» жазғы жоба шеңберінде 2017 жылы 4 шілде де «Жас Ұлан» Бірыңғай балалар жасөспірімдер ұйымы «ЭКСПО глазами жасулановцев» VI қалалық форумы өткізілді.
Форум Астана Күніне және «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмеге арналды. Форумға № 1, 2, 4, 6, 9, 12 , 16, 18, 22, 23, 27, 28, 29, 34, 36, 39, 41, 43, Жетекші мектептерінің оқушылары қатысты.Форумға «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының басшысы Манабаева Айгерім Бауыржанқызы, № 40 ЖОМ әкелер кеңесінің өкілі Тұрсұнханов Руслан Рыспекұлы шақырылды.
Форумның шығармашылық бөлімі «ЭКСПО - 2017 суретте» ұжымдық сурет салу, «ЭКСПО – 2017 көрмесінің бойтұмары» табиғи материалдан бойтұмар дайындау,«Еркін мінбе «Болашақ энергия» тұсау кесері.
Түпнұсқалық идеялар және креативтік жолдар көрермендерді қуантты. № 22 және 27 ЖОМ оқушылары «Робот биі»,«Болашақ би» флэш-моб ұсынды,№ 36 ЖОМ оқушылары «Болашақ энергия» сахнасын,«ЭКСПО және біз» слайд –бағдарламасын көрсетті, «ЭКСПО - 2017» көрмесіне қатысу туралы бейнероликті № 28, 16, 2, 22, 9, 36 мектеп оқушылары дайындады.Шығармашылық идеялар және стандарттық емес ұсыныстар № 34 ЖОМ оқушылары – жаңа кезеңдегі электрлік лампа, № 28 ЖОМ - электр есептеу велосипеді.
Форум қорытындысы бойынша I орынды № 28 ЖОМ командасы, II орын -№ 2,16 ЖОМ командалары III орын - № 22, 27, 36, командалары орталық грамоталарын алды,форум қатысушылары -сертификаттар. «Жас Отан» жастар қанаты алғыс хатын № 9, 34 ЖОМ командалары алды. Балалардың жалпы қамтылуы 102 оқушыны құрады.