Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен «Әлем. Бала» жазғы жоба шеңберінде 14 шілде де «Мега battle» формалдық емес қозғалысының фестивалі өтті.Фестивалге №12, 18, 37, 22, 28, 11, Жетекші мектептері,«Just fly crew» көше би студиясы, «North East» қатысты.Фестиваль төрешілігіне «Just fly crew» би студиясының оқытушысы Мұқанов Тамерлан, Әбішев Данияр, «North East» би студиясының оқытушысы Касым Адлет, Филимонова Галина, режиссер және клипмейкер Максат Адам, граффитист Руслан Касимов шақырылды.
Фестиваль қатысушылары үш номинацияда жарысты: граффиттер «Sketch», брейк-данс және хип-хоп «Танцевальный Mix», рэп және хип-хоп «Лучший хип-хоп исполнитель». Жас суретшілер «ЭКСПО-2017» өз көріністерін граффит-эскиз формасында көрсетті.Жұмысқа ерекше шығармашылық жолмен №18 мектеп оқушысы Обиденко Алина ерекшеленді,ол байқау кезінде нұсқауды жақсы орындап,өз дайын жұмыстарын көрсетті.Би жанрында оқушылар Павлодар қаласының би студиясымен жарысты. Адал жеңіске «North East» студия оқушысы Мұқанов Асқар алды, ол иілгіш ғажайыптарын және би шеберлігін көрсетті . II орынды Бойченко Артур №28 мектеп, III орын Дмитриев Павел, колледж оқушысы.Головенко Виталий ең жақсы хип-хоп орындаушысы Жетекші мектебі «Purple lamborgini» өлеңін мәнерлі орындап әділ қазыларды таңқалдырды, II орынды «Патимейкер» өлеңін орындаған №22 мектебінің оқушысы Төлеубаев Диас.
№12,6,41,24,33,40,16,7,25 мектептерінің жанкүйерлері қолдады.
Фестиваль әділ қазылар мүшелерінен би шеберлігімен аяқталды.
Балалардың жалпы қамтылуы 307 оқушыны құрады.
ШЕКСІЗ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ.