Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Х Президенттік олимпиада
22-09-2017 10:28
Х Президенттік олимпиада

           Президенттік олимпиада оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдету, теориялық білімдері мен дағдыларын, қызығушылықтарын арттыру мақсатында жыл сайынғы өткізілетін іс-шара болып табылады.
Президенттік олимпиада жыл сайын үш кезеңде өткізіледі:
1) бірінші кезең – өңірлік – 1 қарашаға дейін;
2) екінші кезең – іріктеу кезеңі, 2 турда өткізіледі:
1 тур – қашықтық – жыл сайын 15 қарашаға дейін;
2 тур – шығармашылық, эссе жазу (1 беттен кем емес,45 минут), қашықтық тур өткізілген күні;
3) үшінші (қорытынды) кезең – республикалық, (желтоқсанның бірінші онкүндігі).
"Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік Университетінде 2017 жылдың 22 қыркүйегінде қалалық X Президенттік олимпиада өткізді. Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңінде 40 мектептің 27-нен 11-сыныптардан 45 оқушы қатысты.
Олимпиаданың әр қатысушысы тапсырмаларды төрт пәннен: математика, физика, биология, химиядан орындады.
Ең жоғары ұпай жинаған 10 қатысушы, Х Президенттік олимпиаданың өңірлік турына өтті.