Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Өз ісінің адамы
25-09-2017 08:40
Өз ісінің  адамы

      Білім мекемесінде жұмыс істейтін адам,ұжым және балалармен жеңіл байланыс жасауға көмектесетін жеке ерекше қасиеті болу керек.Бұл алдымен ақ пейілділігі,ұқыптылық, мейірімділік, кәсіби ісі,жақын адамдары туралы қамқорлығы. Осының барлығы болашақ жас ұрпақты тәрбиелеуші адамның мінез-құлқын қалыптастыруға және тәрбиелеуге көмектеседі. Бұл сөздердің барлығы толығымен Тиштыбаева Алмагүл Жармұхамбетқызына арналған.
      Алмагүл Жармұхамбетқызы Павлодар педагогикалық институттың шет тілдер факультетін бітірген соң, өз еңбек қызметін 1984 жылы № 9 СПТУ тәрбиеші мамандығымен бастады,№ 35 ЖОМ аға тәлімгер, № 15 СПТУ комсомол ұйымының хатшысы, 20 жылдан аса № 7 ЖОМ ағылшын тілінің ұстазы және 10 жыл Павлодар қаласы Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығын дамыту орталығында ұйымдастырушы-ұстаз болып жұмыс істеді. Оның жеке қасиеті және жұмыс тәжірибесі 2017 жылы «Бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы» мекеменің қайта ұйымдастыру кезінде Алмагүл Жармұхамбетқызы қосымша білім беру формасы және дарындылығын дамыту лабораториясын басқарды.Біздің қаланың жалпы білім беру мектептерінің тәжірибелі мұғалімдері мен жоғарғы оқу орындарының профессорлық– педагогикалық қызметкерлерімен тығыз жұмыс жасайды.
       Әрқашан жайдарлы,жігерлі,мейірімді. Оның сенімді сөзі,қатал өңі өзіне адамдарды жақындатады,өз күшіне сенімді,осымен сол жолдарда табысын анықтайды.Оның жақсы қасиеттері:білімді,қарапайым,ашық,адал ниетті,көмектесуге қашанда дайын,ең бастысы – өзінен талап етеді.
     Ұстаздың көп жылғы адал еңбегі қаланың білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы мен Павлодар облысы білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен белгіленді. Өзін сүйікті ісіне арнағаны үшін Алмагүл Жармұхамбетқызына педагогикалық еңбегі қуаныш әкеледі.