2017 жылы 2 қазанда «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы №2 ЖОМ ақиық ақын Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған алғашқы қалалық оқулары өтті. Байқау салтанатты түрде ашылды. Оқу шарттарына сай қала мектебінен 16 оқушы қатысты.
Жыр томағасын ағытқан жас талапкерлер алты бөлім бойынша бақтарын сынады.
«Менің пірім-Мұқағали» атты жыр бөлімінде ақын өлеңдерін жатқа оқыса, «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап» бөлімінде қаламынан балғын жырлар төгілген жас ақындар өз туындыларын оқыды.
Үшінші бөлім «Жыр эстафетасында» қатысушылар ақынның «Аққулар ұйықтағанда» және «Райымбек, Райымбек» поэмаларын мәнеріне келтіріп жатқа оқыды.
Төртінші бөлімде өнерпаздар берілген ұйқасты пайдалана отырып, тұжырымды, түйінді шумақтарды қолма-қол шығарып, шабытты жырларын ұсынды.
Ал «Өлеңмен өрілген ой» бөлімінде берілген өлеңді көркемдік ерекшелігіне, сөз бейнелігіне, өлең құрылысына қарай талдау жасады. «Мұқағали мұрасын кім көп біледі?» айдарында әр оқушының ақын өмірі мен шығармашылығынан қаншалықты деңгейде хабардар екендігі анықталды.
Қалалық Мұқағали Мақатаев оқуларында алға озып шыққан бес оқушы жеңімпаз атанды.
І орынға № 40 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Арман Жансая иеленіп, 2017 жылдың 6 қазанда ақынның облыстық М.Мақатаев оқуларына жолдама алды.
ІІ орынға № 38 мектебінің 9-сынып оқушысы Сатбол Ердос, №25 мектеп 9-сынып оқушысы Түсіпбекова Дамира ие болды.
ІІІ орынды № 35 мектебінің 8 – сынып оқушысы Кошматова Балнұр, № 22 мектебінің 6-сынып оқушысы Базарханов Санжар өзара бөлісті. Атаулы жеңімпаздардың қай-қайсысы болсын үлкен дайындықпен, зор талаппен келгендігі белгілі. Әдебиет әлеміне деген әр оқушының талпынысы жас ұрпақтың жан-дүниесінің рухани дамуына көп әсерін тигізбек.
Мұқағали Мақатаев мұрасымен танысу