Павлодар қаласы білім беру бөлімінің 2017 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы МҚКК 30 жалпы білім беретін оқу орындарының 5-11 сынып оқушылары арасында 16 қазанда № 19 ЖОББМ қалалық М.Жұмабаев оқуларын өткізді.
Мағжан оқулары үш бағыт бойынша қалалық мектеп оқушыларын Мағжан Жұмабаевтың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, жас ұрпаққа тереңірек таныстыру мақсатында өткізілді:
1. «Өлең– менің Шолпаным, Айым, Күнім» - Мағжан шығармаларын жатқа оқу.
2. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас дарындар конкурсы.
3. «Толқынмен толқын сырласып...» - М. Жұмабаевтың шығармалары бойынша зерттеу жұмыстары.
Бірінші кезен бойынша І орынның иегері – № 37 мектеп оқушысы Куанышбекова Дильназ, ІІ орынды - № 20 ЛМ оқушысы Садатова Асия, № 39 мектеп оқушысы Федотов Евгений өзара бөлісті, ІІІ орынды № 19 мектеп оқушысы Батырбекова Шынар, № 30 мектеп оқушысы Қабдуахит Айғаным, № 40 мектеп оқушысы Жакенова Мөлдір иеленді.
Екінші кезен бойынша І орынға № 20 ЛМ оқушысы Ахан Жұрағат ие болды, ІІ орында - № 25 мектеп оқушысы Абылайқызы Аягүл, 35 мектеп оқушысы Жылқыбай Шыңғыс, № 37 мектеп оқушысы Елеусизова Алуа, №12 мектеп оқушысы Кәрібай Нұрбек.
Үшінші кезен бойынша І орынның иегері № 37 мектеп оқушысы Галлямова Данеля, ІІ орында - № 20 мектеп оқушысы Қайырбай Ғазиз, № 22 мектеп оқушысы Қияқова Арайлым. ІІІ орында - № 19 мектеп оқушысы Сейітбек Аяжан, № 29 мектеп оқушысы Аманжолова Айнұр, №7 мектеп оқушысы Бекеева Рузия.
Мағжан оқулары