Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақтың асыл жігіттері.
18-10-2017 05:56
Қазақтың асыл жігіттері.

   «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2017 жылы 17 қазанда № 5 ЖОМ негізінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған «Үшқоңыр» қалалық АРТ — фестивалінің «Поколение Next» 1 туры өтті.Фестиваль мақсаты оқушылар арасында қолжетімді,ашық және әртүрлі шығармашылық орта қалыптастыру.
    Жоба 3-турдан тұрды: «Поколение Next», «В ритме танца», «Модный тренд».
 Биыл алғаш рет жоба ұйымдастырушылары «Үшқоңыр» қалалық АРТ — фестивалінің жеңімпаздарын жас ерекшелігі бойынша марапаттайды: бастауыш,орта және жоғарғы топ.
  АРТ - фестивалге Павлодар қаласының 30 жалпы білім беретін мектептерінің шығармашылық топтары қатысты. Фестиваль қатысушылары әділ қазылар және көрермендерді өздерінің жасампаздығымен таңқалдырды. № 13ЖОМ «Асыл жігіттер» командасы «Кто хочет стать миллионером» ТД бағдарламасынан әзіл-сықақ көрсетті,қатысушылар Мемлекеттік рәміздер бойынша өз білімдерін көрсетті. Ежелгі грек аңызының дәлелі бойынша үш тілді пайдаланумен №5 мектебінің «МИГ» командасының композициясы дайындалды.Команда көрермендерді Қазақстан еліне қызықты саяхатқа шақырды. № 7 ЖОМ балалары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған өздері шығарған «Тарландар» өлеңін орындады.Көңілді билеп және өлең айтқан № 18 ЖОМ кемешілері барлығының қызу сезімін шақырды. № 26 ЖОМ «Легион» командасының орындауындағы театралдық қойылым балаларды тамақ дайындауға,үй ішіне көмектесу іскерлігімен қуантты және ашық шығармашылық орындаумен аяқталды.
   Адам баласының шығармашылық таланты шексіз. Біздің қатысушыларға да шек қойылған жоқ, сондықтан осы фестивалде олардың әрқайсысы өздерін шығармашылықтың әртүрінде көрсете алды.