Бастауыш сынып оқушыларының математикалық дарындылығын қолдау және айқындау,оқушыларды интеллектуалды жарысқа жоғарғы деңгейде тиімді дайындау мақсатында 38 жалпы білім беру мектебінен 114 оқушы үшін 2017 жылы 31 қазанда Павлодар қаласы № 35 жалпы орта білім беру мектебінде «Бастау» бастауыш сынып оқушыларының І қалалық математикалық турнирі өткізілді.
Турнир екі кезеңмен өтті. Жоғарғы,бірінші,екінші лига бойынша командаларды бөлу мақсатында бірінші кезең жазбаша формада өтті (командалық).
Екінші кезең екі турмен өтті: жазбаша жеке және ауызша командалық.
2 сынып арасында жазбаша жекелей тур қорытындысы бойынша орындар келесі үлгіде бөлінді:
І дәрежелі дипломмен мемлекеттік тілде оқитын № 35 ЖОМ оқушысы Кабиева Амина,
ІІ дәрежелі дипломмен № 16 ЛМ оқушысы Ахатов Мирас, № 28 ЖОМ оқушысы Александров Егор, № 41ЖОМ оқушысы Федоров Александр ;
ІІІ дәрежелі дипломмен №9 ЖОГМ оқушысы Ушаков Глеб, мемлекеттік тілде оқитын №19 ЖОМ оқушысы Шуктаева Әдия, мемлекеттік тілде оқитын №22 ЖОМ оқушысы Даниялов Бахтияр.
2 сынып оқушылары арасында жекелей біріншілікте ерекше нәтижесі үшін «Абсолюттік жеңімпаз» титулымен № 29 ЖОМ оқушысы Сарсембин Куаныш марапатталды.
3 сынып арасында жүлделі орындар келесі үлгіде бөлінді:
І дәрежелі дипломмен № 25 ЖОМ оқушысы Сәкен Нұрғалым,ІІ дәрежелі дипломмен № 28 ЖОМ оқушысы Лейман София, № 39ЖОМ оқушысы Решетняк Алина;
ІІІ дәрежелі дипломмен № 9 ЖОГМ оқушысы Фролова Алина, № 21 ЖОМ оқушысы Демченко Антонина, № 29 ЖОМ оқушысы Трусов Никита, № 40 ЖОМ оқушысы Кулиш Владимир.
3 сынып оқушылары арасында жекелей біріншілікте ерекше нәтижесі үшін «Абсолюттік жеңімпаз» титулымен № 38 ЖОМ оқушысы Тлеубек Мұстафа марапатталды.
4 сынып арасында жазбаша жекелей тур қорытындысы бойынша орындар келесі үлгіде бөлінді: І дәрежелі дипломмен № 21 ЖОМ оқушысы Абукаров Мұхамед;
ІІ дәрежелі дипломмен № 18 ЖОМ оқушылары Соловьев Илья және № 41 ЖОМ оқушысы Сидорук Егор;
ІІІ дәрежелі дипломмен мемлекеттік тілде оқитын № 35 ЖОМ оқушысы Кабиева Айла, № 11 ЖОМ оқушысы Дорохин Андрей, № 34 ЖОМ оқушысы Шереметьев Руслан;
4 сынып оқушылары арасында жекелей біріншілікте ерекше нәтижесі үшін «Абсолюттік жеңімпаз» титулымен № 9 ЖОГМ оқушысы Малыгин Владислав марапатталды.
Ауызша командалық турда жүлделі орындар келесі үлгіде бөлінді:
Жоғарғы лиганың І дәрежелі дипломымен №34 мектеп командасы
ІІ дәрежелі дипломымен №9 және №38 мектеп командасы
ІІІ дәрежелі дипломымен №29 және №5 мектеп командасы марапатталды.
Бірінші лиганың І дәрежелі дипломымен №36 мектеп командасы
ІІІ дәрежелі дипломымен КЖОМ және № 42 мектеп командасы марапатталды.
Екінші лиганың І дәрежелі дипломымен №24 мектеп командасы
ІІ дәрежелі дипломымен № 1мектеп командасы
ІІІ дәрежелі дипломымен №26 және 41мектеп командасы марапатталды.
Командалық біріншіліктегі ерекше нәтижесі үшін №39 мектеп командасына Гран-при берілді.