Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Зерде» шығармашылық жобалары мен зерттеу жұмыстарының республикалық байқауында Павлодар қаласы оқушыларының жеңісі
31-01-2018 11:37
«Зерде» шығармашылық жобалары мен зерттеу жұмыстарының республикалық байқауында Павлодар қаласы оқушыларының жеңісі

    1 – 7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстарының республикалық байқауының қалалық қорытындысы бойынша,38 мектеп оқушылары қатысқан,241 ғылыми жоба ұсынылды. Зерттеу жұмыстарын қорғау 8 секция бойынша өтті: қазақ тілі және әдебиет, орыс тілі және әдебиет, математика және информатика, физика және техника, медицина және психология, тарих ,өлкетану,этномәдени, биология және химия, экология және валеология.
  Қалалық кезеңде 94 зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларды қоршап,105 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды.
       Облыстық кезеңде 105 қатысушыдан 45 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды.
     2018 жылы 31 қаңтарда , Щучинск қаласында №21 мектептің 3 сынып оқушысы Захаров Богдан «Изготовление кондиционеров в домашних условиях » тақырыбы бойынша «Физика,техника» секциясында және Сапарова Даяна «Медицина,психология» секциясында «Игры,развивающие мышление» тақырыбы бойынша Тусупаева Айжан №16 лицей –мектебінің 4 сынып оқушысы «Экология және валеология» секциясында «Зеленые технологии космонавтики» тақырыбы бойынша , Балашов Кирилл №39 мектептің 4 сынып оқушысы «Тарих,өлкетану, этномәдени» секциясында «Как прошлое помогает настоящему» тақырыбы бойынша «Зерде» шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстарының Республикалық кезеңіне өз жобаларын ұсынды.
     Байқау нәтижесі бойынша қала мектептерінің оқушылары «Зерде» шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстарының Республикалық кезеңінің жүлдегерлері атанды. Өз жобаларының табысы мен нәтижесін 1 орын иегерлері Тусупаева Айжан, Сапарова Даяна және Балашов Кирилл дәлелдеді. 2 орын жүлдегері №21 мектептің 3 сынып оқушысы Захаров Богдан .