Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Балалар жолдағы қауіпсіздік үшін
24-04-2018 17:08
Балалар жолдағы қауіпсіздік үшін

  Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы Павлодар қаласы ІІБ полиция қызметі және қаланың салауатты өмір сүруді қолдау Орталығымен бірлесіп 2018 жылы 24 сәуірде № 36 ЖОМ жас инспекторлар отрядының 45 –жылдығына арналған «ЮИД- 2018» жас инспекторлар қозғалысы отрядының қалалық слеті өткізілді. Мақсаты- балалардың жолдағы тәртіп қауіпсіздігін насихаттау және оқушылардың жол қозғалысы Ережесінің білім сапасын көтеру.
  Слетке қаланың №13,23,34,36,42,Жетекші жалпы білім беру мектептерінен жас инспекторлар қозғалысының 6 отряды қатысты. 60 жас инспекторлар қозғалысы «Юный регулировщик», «Турнир эрудитов», «Строевой смотр», «Фигурное вождение велосипеда», «Лучшая агитбригада», «Юный санитар», «Знатоки ПДД» байқауларында жарысты.ЖИҚ-слетінің Жетекші мектебінің ең жас қатысушылары, көрермендер мен әділ қазы мүшелерін агитбригада байқауында мазмұнды және айқын өнерлерімен таңқалдырды және саптық байқауда ең жақсы атанды. Қозғалыс ретінің жақсы дағдыларын көрсеткен ең жақсы реттеуші бірауыздан №36 ЖОМ ЖИҚ отрядынан Швецов Максим. Щукуев Ермек Қанатұлы, облыстың жедел көмек көрсету станциясының жоғарғы санатты фельдшері, № 34, 13, 23 мектептерінің жас санитарларының теориялық және практикалық дайындығының жоғарғы деңгейін белгіледі және слет қатысушыларына пайдалы кеңес берді.
  I дәрежелі Диплом №34 ЖОМ «Дорожный дозор» отрядына Павлодар қаласы ІІБ полиция майоры Ашренов Арман Оразбайұлы салтанатты түрде табыс етті, I дәрежелі Дипломмен Жетекші ЖОМ «ЮИД» командасы марапатталды.№ 13 ЖОМ «Дорожно транспортный патруль» отрядына III дәрежелі Диплом табыс етілді.
  Жеңімпаздарға құнды сыйлықтар мен грамоталарды салауатты өмір сүруді қолдау Орталығының өкілі Жүсіпова Гүлнар Әлиасқарқызы және Байгожина Кенжегүл Жанатқызы табыс етті. Белсенді қатысқаны үшін № 42,36,23 ЖОМ ЖИҚ отрядына грамоталар берілді.
  2018 жылы мамыр айында «Дорожный дозор» слетінің жеңімпаз командасы облыстық байқауға қатысады.