Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Дені саудың – жаны сау
07-06-2019 14:52
Дені саудың – жаны сау

«Балаға мейірімді жаз» қалалық жазғы жобасының «Әлем. Бала» қосымша жобасының аясында 2019 жылдың 4 – 7 маусым күндері Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен «Большие старты» спорттық жарысы өткізілді. Жоба мақсаты жазғы демалыс кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын қамту, жазғы қозғалыс ойындарының жаңа формаларын дәріптеу, балалардың салауатты өмір сүруін насихаттау, спорт және дене шынықтыру сабағына оқушыларды белсенді баулу және қызығушылығын дамыту.

Жобаға қаланың 32  жалпы білім беру мектептерінен 5 8 сыныптың 32 командасы құрамында 514 оқушы қатысты.

         Жоба шарты бойынша қатысушылар 8 станцияны: бауырсақ, секірме, мергендер, қасықтағы теннис добымен жүгіру,  көптілділік, кітап жарысу, шеңберге сүңгі, асық ату өтті.

Жоба қорытындысы бойынша асық ату номинациясы бойынша                 № 28 мектептің «Бэст», № 40 мектептің «Родник», секірме номинациясы бойынша № 34 мектептің «DREAMTEAM», № 39 мектептің «Спартанцы» командалары марапатталды.

І дәрежелі дипломға № 35 және № 22 мектептерінің «Болашақ» командалары ие болды. Командалар келесі станциялар бойынша жоғары нәтиже көрсетті: кітап жарысы, шеңберге сүңгі, қасықтағы теннис добымен жүгіру, көптілділік. ІІ дәрежелі дипломдармен № 5, Жетекші, № 9 мектеп – гимназиясы, № 42 мектептерінің «Черная пантера», «Ертіс», «Лидер», «Усольский меридиан» командалары марапатталды. ІІІ дәрежелі дипломдармен № 32, 11, 1, 7, 18, 41, 4 мектептерінің «Барыс», «Витаминки», «Ұлар», «Сұңқар», «Жарқын болашақ», «Я чемпион», «Активы» командалары марапатталды. Белсенді қатысқаны үшін № 33, 16, 43, 36, 21, 13, 24, 15 мектептерінің «Болашақ», «Динамид», «Достар»,  «Солнечный город», «Формула успеха» «Олимпийцы» «Чемпионы» командалары марапатталды.