2019 жылы 28 қарашада сағат 15.00 – де Павлодар қаласының №7 ЖОМ (Жеңіс Алаңы, 13/1) «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен ғылыми - зерттеу қызметіне қала оқушыларының дайындығын жүзеге асыратын, жалпы білім беру мектебінің пән – мұғалімдері мен директор орынбасарларына арналған қалалық семинар өткізілді.
Семинар жұмысына 178 адам қатысты. Күн тәртібінде - жалпы білім беру пәндері бойынша ғылыми жобалардың республикалық байқауы және 1 - 7 сынып оқушылары арасында «Зерде» шығармашылық жоба мен зерттеу жұмыстары республикалық байқауы қалалық кезеңінің қорытындысын жасау, дарынды балалармен жұмыста жаңа білім формаларын қолдану бойынша пән-мұғалімдерінің қызметін үйлестіру,мектептің ғылыми - зерттеу жобаларын дайындау сапасын көтеруге байланысты, мәселелерді талқылау.
Қазақ тілі және әдебиет, орыс тілі және әдебиет, ағылшын тілі, тарих, химия, биология,өлкетану, этномәдени,қоршаған ортаны қорғау, экология, валеология бағыттары бойынша жоғарғы оқу орындарының профессорлық - оқытушылар құрамының басшылығымен пән секциялары ұйымдастырылды.
Семинар ұйымдастырушылары қатысушылардың тәжірибе алмасуын, озат ғылыми-әдістемелік технологиямен танысуын өткізді.
«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту
және балалардың дарындылығын
дамыту орталығы»