Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
За год
За месяц
За неделю
Вчера
9-10 сынып оқушыларына арналған пікірсайыс бойынша қалалық турнирі
10-01-2020 08:41
9-10 сынып оқушыларына арналған пікірсайыс бойынша қалалық турнирі

Павлодар қаласының жалпы орта білім беру мектептерінің арасында пікірсайыс әдістемелерін насихаттау мақсатында, 2020 жылы ақпан айында «Павлодар дарыны» БУҚБДД орталығы Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің «Ақиқат» пікірсайыс клубымен бірлесіп 9 - 10 сынып оқушыларына арналған қалалық пікірсайыс турнирін өткізеді.  

 Турнир Американдық парламенттік форматында өтеді.

Пікірсайыс турниріне мемлекеттік тілде оқытылатын жалпы орта білім беру мектептерінен 9 - 10 сынып оқушыларының құрамасынан (9 сынып – 1 оқушы,  10 сынып - 1 оқушы) бір немесе екі команда қатысады.  

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар қаласы білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломы, ауыспалы кубогы және  «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификатымен марапатталады.