Пікірсайыс турнирінің көрсеткіш ойыны
2020 жылдың 25 қаңтар күні Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде «Ақиқат» клубының студенттері арасында пікірсайыс турнирінің көрсеткіш ойыны өткізілді. Қаланың 15 жалпы орта білім беру мектептерінің 40 оқушысы көрермен ретінде қатысты. Ойынның басты мақсаты - тың идея бастамаларының тіл арқылы көрінісін көрсету және оқушыларды турнир ережесімен таныстыру. Ойын британдық парламенттік форматта өтті.
Турнирдің бас төрешісі ойынның маңыздылығы мен негізгі мақсатына, ережесіне тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Турнир тақырыбы - мектептен кейінгі мамандық таңдау маңыздылығы.
Аталмыш шара қала мектептері арасында 22 ақпан күні өткізіледі.