Әбіш Кекілбаев – саналы ғұмырын еліне қалтқысыз қызмет етуге арнаған ардақты азамат. Ол барша жұртқа ұлтжандылықтың үлгісін көрсетті. Тұлғаның шығармаларынан халқымыздың басынан өткен қилы заманды, ел еңсесін көтерген жетістіктерді жас ұрпақ біліп өсуі міндетті. Әбіш Кекілбаевтың «Тәуелсіздік біздің тілегімізді емес, біз оның тілегін тілеуіміз қажет» деген сөзі бүгінгі ұрпақ ұстанымы болуы тиіс.
2020 жылдың 30 қаңтарында № 35 жалпы орта білім беру мектебінде республикалық «Әбіш оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті. Осы байқауда № 35 ЖОМ оқушылары «Ә.Кекілбаев шығармаларынан мәнерлеп үзінді оқу» бағытында 7 сынып оқушысы Жанабай Айдана ІІІ дәрежелі дипломмен және «Ә.Кекілбаев шығармаларына иллюстрациялық сурет салу» бағытында ІІІ дәрежелі дипломмен 9 сынып оқушысы Рахатбек Азиза марапатталды. Жүлдегерлерді құттықтаймыз!