5 жыл бойы Дарынды балаларға арналған облыстық көпбейіндік лицей-интернатында «Гонка за лидером» математикалық турнирі өткізілді.Биылғы жылы математикалық турнир Әл-Фарабидің 1150-жылдығына арналды. Қала мектептерінен барлығы 26 команда ( № 1, 2, 6, 9, 11, 14, 16, 17, 19, 21, 25, 26, 28, 29, 33, 34, 35, 36, 38, 39, 40, 41, 42, КЖОМ, К. Макпалеев, К. Бекхожин атындағы ЖОМ) «ең жақсы математик білгірлері» және ауыспалы кубок атағына жарысты. Математикалық ойынға 6 сыныптың 104 оқушысы қатысты. «Гонка за лидером» математикалық байқау ұжымдық командалық тапсырмаларды шешуді білдіреді.Өткен жылы кубок иегері Павлодар қаласының № 34 мектеп командасы алды. Биылғы жылы кубок № 9 гимназия-мектебіне берілді.2 орынға № 2, 11 ЖОББМ командалары иеленді.3 орынға № 1, 17, 25, 29 командалары ие болды.
Сараптама тобының төрағасы және ойын сұрақтарының авторы олимпиядалық резерв мектебінің жаттықтырушысы, профессор, математика ғылымдарының кандидаты Борис Горшков.