Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қала мектептерінің үш оқушысы "Өзін-өзі тану" пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.
21-02-2020 11:15
Қала мектептерінің үш оқушысы

    Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және дарындылығын дамыту орталығымен 20 ақпан күні  № 29 мектеп негізінде "Өзін-өзі тану" пәні бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңін өткізді. Осы пән бойынша қаланың 26 жалпы орта білім беру мектебінен 9-11 сыныптар арасынан 88 оқушы қатысты.Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдету.Олимпиада 2 жазбаша кезеңнен тұрды. Бірінші турда қатысушыларға ұсынылған 10 тақырыптың ішінен таңдауы бойынша эссе жазды. Олардың арасында "Шексіз мейірімділік", "Бақытты отбасы", "Махаббат-өмір негізі", "Әлеуметтік желілердегі өмір" тақырыптары болды. Екінші турда оқушыларға "Достармен қарым-қатынас", "Отбасындағы қарым-қатынас", "Қоғамдағы қарым-қатынас" сияқты 3 блоктан тұратын жағдаяттар  ұсынылды.Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаз атағын  № 9 гимназия-мектебінің  9 сынып оқушысы Гармазов Артем, № 29 мектебінің 10 сынып оқушысы Капустянская Арина, № 20 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Исенова Айдана иеленді.II дәрежелі дипломдарды  № , 21 (2), 24, 26, 33, 34, 41 ЖОМ,  Б.Момышұлы атындағы,  № 9 ЖОГМ,  № 16 ЛМ оқушылары  иеленді.III дәрежелі дипломдарды №  11, 17, 24, 25 (2), 29, 31, 34, 35 (2),  39, Жетекші ЖОМ,  № 9 ЖОГМ оқушылары  иеленді.Олимпиада жеңімпаздары 2020 жылдың 26 ақпанында өтетін олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.