Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және дарындылығын дамыту орталығымен 20 ақпан күні № 29 мектеп негізінде "Өзін-өзі тану" пәні бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңін өткізді. Осы пән бойынша қаланың 26 жалпы орта білім беру мектебінен 9-11 сыныптар арасынан 88 оқушы қатысты.Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдету.Олимпиада 2 жазбаша кезеңнен тұрды. Бірінші турда қатысушыларға ұсынылған 10 тақырыптың ішінен таңдауы бойынша эссе жазды. Олардың арасында "Шексіз мейірімділік", "Бақытты отбасы", "Махаббат-өмір негізі", "Әлеуметтік желілердегі өмір" тақырыптары болды. Екінші турда оқушыларға "Достармен қарым-қатынас", "Отбасындағы қарым-қатынас", "Қоғамдағы қарым-қатынас" сияқты 3 блоктан тұратын жағдаяттар ұсынылды.Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаз атағын № 9 гимназия-мектебінің 9 сынып оқушысы Гармазов Артем, № 29 мектебінің 10 сынып оқушысы Капустянская Арина, № 20 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Исенова Айдана иеленді.II дәрежелі дипломдарды № , 21 (2), 24, 26, 33, 34, 41 ЖОМ, Б.Момышұлы атындағы, № 9 ЖОГМ, № 16 ЛМ оқушылары иеленді.III дәрежелі дипломдарды № 11, 17, 24, 25 (2), 29, 31, 34, 35 (2), 39, Жетекші ЖОМ, № 9 ЖОГМ оқушылары иеленді.Олимпиада жеңімпаздары 2020 жылдың 26 ақпанында өтетін олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.
Қала мектептерінің үш оқушысы "Өзін-өзі тану" пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.