Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Туған өлкенің білгірлері
15-05-2020 16:16
Туған өлкенің білгірлері

2020 жылы 14 мамырда  Павлодар  қаласы білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын  дамыту орталығымен  тарих және өлкетану  бойынша  «Менің өлкем – Ертіс өңірі» қашықтық  қалалық  турнир  өткізілді.  Мақсаты тарих  және  өлкетануға қызығушылық танытқан оқушыларды қолдау, туған  өлкесінің тарихын үйренуге танымдық қызығушылығын  ынталандыру. Турнирге   қаланың 26 мектебінен 7-8 сыныптың 81 оқушысы қатысты.

Турнир  2 кезеңде өткізілді қатысушылар тесттік тапсырмалар орындады  «Туған жердің  таланттары», « Павлодар облысының туристік бағыттары»  тақырыптарының біріне  эссе  жазды.

Онлайн  турнир қорытындысы бойынша  30  оқушы жүлделі орын алды, оның  ішінде I орын - 3 оқушы, II орын - 6, III орын - 21 оқушы.  Турнир  жеңімпаздары мен туған өлкенің ең жақсы білгірлері 8 сынып оқушысы  Бехтина Ангелина (№ 34), Гидей Никита (№16 лицей-мектебі), 6 сынып оқушысы Ыңғайбек Жұлдыз (№ 37 ЖОМ). Балалар  тестілеу бойынша  тек жақсы нәтиже  ғана емес, эссе тақырыбын тереңінен және дәлелді ашты, ол  тарихи  материалының үздік білімін куәландырады. 

II дәрежелі диплом иегерлері  № 1, 11, 17 ЖОМ, №9 гимназия - мектебі, № 20 лицей-мектебі, Кенжекөл ЖОМ.

III орынға  № 6 (2), 9, 11 (2), 17, 18 (2), 25 (2), 26, 34, 36, 37, 39, 43 ЖОМ, № 16 лицей-мектебі (2), Кенжекөл ЖОМ (2),  Макпалеев атындағы мектеп ие болды.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері  карантин аяқталғаннан кейін  Павлодар қаласы білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады .