Сенім телефоны
8(7182)626840
email: https://bilim-pavlodar.gov.kz/index/fromorg/127 garden142010@mail.ru
Мекенжайы: Торайғыр көш. 99/2
8(7182)620083 garden142010@mail.ru
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
07.00-19.00 сағ
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Спорттық ойын "Эстафета"
29-07-2011 08:55
Спорттық ойын

Бүгін жаздың жайдары күнінде «Эстафета» атты спорттық ойын өтті. Спорттық ойында төрт топтың балалары қатысты. Балалар спорт киімінде, әр түрлі бейсболкалармен, қолдарында шарлары да бар: бірінші команда сары шарлармен, екінші команда ақ шарлармен, үшінші команда қызыл шарлармен, төртінші команда көк. Сазды әуен шырқап тұрды. Балаларды қарсы алып оларға жеңу көңіл-күйін берген әдіскер Әлия Ерсайынқызы Абдрашева.

Шараның ашылу белгісі ретінде балалар аспанға шарларды жіберді. Жаздың самал желі әр түрлі түстегі шарларды көгілдір аспанға көтеріп әкетті. «Эстафета» басталды. Бірінші «эстафета доппен» балалар белсенді жарысып, доптарын бір-біріне беріп отырды, балалық байсалдылықпен, бірақ жүздерінде абыр-сабырлық  белгісі көрініп тұрды.

Екінші «эстафета» кірпіштер бойынша жүріп, бірінші жету үшін оларды мүмкіндігінше арі қарай қозғалды керек.  

Үшінші «эстафетада» барлық команда қатысады, бір-бірін белдеріне ұстап, үзілмей кедергілерді «жыланша» жүру қажет. Көңілді күлкімен, қуанышпен балалар кедергілерден өтіп, жарыстың ырғағы сезілді.

Төртінші «эстафетада» құрсау, спортты таяқшалармен және көпірлермен араласқан болды.

Бесінші «эстафета» капитандар конкурсы болды. Спорт түрлерін атау керек болды: (футбол, баскетбол, хоккей, борьба, дзюдо, каратэ, волейбол, теннис және т.б.) сосын алға қадам басу керек, мәре қай капитан бірінші жетеді екенің білу үшін.

Қорытындылай келе, балаларға грамоталар берілді. Балалар «Ғаламдағы балалардың достығы» атты ән шырқады. Осы бақытты әуеннің ырғағында біздің де спорттық мерекеміз аяқталды.