Сенім телефоны
8(7182)626840
email: https://bilim-pavlodar.gov.kz/index/fromorg/127 garden142010@mail.ru
Мекенжайы: Торайғыр көш. 99/2
8(7182)620083 garden142010@mail.ru
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
07.00-19.00 сағ
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ашық сабақтар
22-11-2017 08:00
Ашық сабақтар

Бүгін бала бақшамызда аттестаттациядан өтетін педагогтардың мемлекеттік тілде ашық сабақтары өтті, оларға қаланың басқа бала бақшаларының педагогтары шақырылды. Тәрбиеші Шойынбаева Фаруза Ырысбекқызы ортаңғы «Балауса» тобының тәрбиеленушілерімен «Орманға саяхат» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ қызықты өтті және оған «Коммуникация» және «Шығармашылық» сияқты білім беру салалары, нақтырақ айтқанда: «Тіл дамыту», «Қоршаған ортамен таныстыру», «Бейнелеу» салалары енді. Тәрбиеші Абишева Мөлдір Жанатқызы «Коммуникация» білім беру саласының «Көркем әдебиет», «Драма» бөлімдері бойынша «Ғажайып театр әлемінде»тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Өткізілген сабақтарда әртүрлі әдістемелік тәсілдер мен инновациялық білім беру технологиялары қолданылды. Сабақтарға қатысқан педагогтар жақсы пікірлерін білдірді, сондай-ақ, аталмыш сабақтар жоспарланып отырған біліктілік санаттарына сай келетіні де аталып өтілді.