Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)626840
email: https://bilim-pavlodar.gov.kz/index/fromorg/127 garden142010@mail.ru
Мекенжайы: Торайғыр көш. 99/2
8(7182)620083 garden142010@mail.ru
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
07.00-19.00 сағ
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Психология апталығы
31-01-2018 13:23
Психология  апталығы

Бала бақша жұмысын жақсарту және әр баланың психологиялық жағдайын жетілдіру үшін бала бақшамызда 2018 жылғы қаңтардың 15-нен 19-ы аралығында «Балалық шақтың әлемі» атты психологиялық апталық өткізілді. Әрбір бала үшін тақырып белгіленіп таңдалды. Мысалы, күн тақырыбы: «Танысыңдар – бұл Менмін» деп аталды.
Ата-аналарға баланың орталықта түскен фотосуретімен «Бақыт гүлін» безендіріп, өз баласы туралы әңгімелеп беру ұсынылды. Гүлдің жапырақтары бойынша келесідей белгілеу қажет болды: 1 жапырақта – баланың есімі нені білдіреді, оның есімін кім таңдады, неліктен (кімнің құрметіне) оның есімін солай атады, 2 жапырақта – «Мен жақсы көремін ...», 3 жапырақта – «Менің сүйікті ойыншығым», 4 жапырақта – «Біз осылай демалғанды жақсы көреміз ...» , 5 жапырақта – «Біздің арманымыз». Психология апталығы ата-аналар мен балалардың қатысуымен қойылған «Шалқан» ертегісімен аяқталды.