Телефон доверия
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Адрес: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Облыстық семинар
27-06-2011 05:58

Павлодар қаласының №30 жалпы орта білім беру мектебінде «Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалыс кезінде сауықтырылуы, бос уақыттарын ұйымдастыруды қамтамасыз етудің тиімді жолдары» тақырыбындағы облыстық семинар өтті. Семинар-кеңесі мектептің оқу-материалдық базасымен таныстыруымен ашылды. А.Қ. Макишева, тәрбие ісінің орынбасары «Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалыс кезінде сауықтырылуы, бос уақыттарын ұйымдастыруды қамтамасыз етудің тиімді жолдары» атты баяндаманы оқыды. Қ.Қ. Жетпісова, педагог-ұйымдастырушы «Жазғы уақыттағы оқушылардың жұмысбастылығын ұйымдастырудағы педагог-ұйымдастырушының рөлі» атты баяндамасын оқыды.

Семинардың бағдарламасы бойынша оқылған баяндамаларынан кейін, шақырылған қонақтарымыз «Ақ көгершін» бейіндік лагерінің қорытынды іс-шарасын тамашалауға шақырылды. Семинар «Балдаурен» лагерінің I кезеңінің салтанатты жабылуымен аяқталды.