Телефон доверия
321242
Адрес: Лермонтов көшесі 98/1а
556978,550933
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі күні әр айдын ІІ және ІV аптасы сағат 16.00-18.00ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Жаңа жыл
28-12-2018 07:31

Құрметті әріптестер, ата-аналар! Суйікті балапандарымыз!

Жаңа 2019 жылмен ең ізгі құттықтауымды қабыл алыңыздар! Келер жыл Сіздерге қуаныш, жаңа ұмытылмас әсерлер мен үкілі үміттер сыйласын! Доныз жылы ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалатын жарқын да көңілді, табысты әрі мақсатты жыл болуын тілеймін! Сәтсіздіктер өткеннің еншісінде қалып, Өкпе-реніштер ұмытылып, достық пен сүйіспеншілік дәуіріне жол ашылғай. Барлық бастамалардың бағы жанып, сүйікті ісіңіз қанағат әкелсін, жаңа білімдерге, жаңаша тәжірибеге, биік кәсіптік белестер мен асқар асуларға жетелесін! Алдағы жыл әр адамның жұлдызы жоғарылап, абыройы артуына мол мүмкіндіктер туғызып, өмірімізді мәнді оқиғаларға, татулық пен жасампаздыққа толтырғай! Баршамыздың тасымыз өрге домалап, отбасылық бақытқа кенелейк, жан жылылығына бөленейік! Жаңа 2019 жыл құтты болсын! Мейірім сәулесі мен шапағат шуағы молынан болғай!