Сенім телефоны
(WhatsApp-желісін қолдану мүмкіндігі бар) "жедел телефон желісі" +77779360693 8-(7182)-53-80-42
email: pavlodar18@mail.ru
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Мир көшесі, 11/1
(WhatsApp-желісін қолдану мүмкіндігі бар) "жедел телефон желісі" +77779360693 8-(7182)-53-80-42
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағ. 9.00-ден сағ. 18.00-ге дейін
Как часто Вы посещаете наш сайт?
Голосовать
часто - 4
очень редко - 2
нечасто - 0
Всего проголосовало: 6
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Қауіпсіз терезе" акциясы
16-04-2019 13:16

№ 18 сәбилер бақшасында "Қауіпсіз терезе" акциясы өтті.

Балаларға қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқаулары бар мультипликациялық роликтер көрсетілді. Олармен тақырыптық әңгімелесулер өткізілгенннен кейін, балалар берілген тақырыпқа суреттер салды.

Топтардың ата-аналарына және балабақша жанында орналасқан дүкендер мен дәріханаларға терезелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы ақпарат қойылды.

Алдын алу жұмыстарын өткізу барысында ата-аналардың назарына келесі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттелігі аударылды.

  • Кішкентай балаларыңызды терезелері ашық бөлмеде, тіпті біраз уақытқа да қалдырмаңыздар.
  • Баланың терезеге шыға алмауы үшін жиһаздың барлық түрлерін терезеден алыстатыңыз.
  • Бала терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін арнайы бекіткіштерді қойыңыз.
  • Баламен ашық терезе алдында тұрған кезде, терезені мықтап бекіту қажет, баланың оқыс қимылына дайын болу маңызды.
  • Баланы терезе алды тақтайына қоймаңыз, оның сол жерге өздігінен мінгенін құптамаңыз, тіпті ондай талпынысты ойындарынан алдын ала сақтандырыңыз.
  • Ешқашан, москит торына сенбеңіз! Олар құлаудан қорғауға арналмаған.Керісінше, москит торы трагедияға ықпал етеді.