Өмірінің алғашқы сәтінен бастап өз елінің әрбір кішкентай азаматы мемлекеттің қорғауында болады. Конституция күні - қазақстандықтар үшін ең маңызды күндердің бірі. Ал заң бойынша өмір сүру, оны білу және орындау қажеттігін есте сақтау — мемлекеттің әрбір азаматы үшін қажет. Мектепке дейінгі жаста біз балаларды Конституцияның негізгі ережелерімен таныстырамыз, Отанға, мемлекеттік рәміздерге деген сүйіспеншілікті, құрмет пен мақтанышты тәрбиелейміз, бастапқы құқықтық білімді сіңіреміз, сабақтар мен мерекелік іс-шаралар арқылы құқықтық мәдениетті қалыптастырамыз. Мектеп жасына дейінгі балалар біздің еліміздің заңдарын сақтау – бұл табиғатты қорғау, қоғамдық орындарда мінез-құлық ережелерін сақтау, ересектердің еңбегін құрметтеу екенін түсінеді.
«Конституция күні» іс-шарасы