Сенім телефоны
657135, 657136
email: sad.442012@yandex.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Ткачева көш., 5/2
657135, 657136
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00 - 18.00
Қарттарым - асыл қазынам
12-10-2021 16:55
Қарттарым - асыл қазынам

2021 жылдың 11 қазан айында  Павлодар қаласының № 44 сәбилер бақшасының  балаларының қатысуымен  «Игі істер» марафоны «челленджі» өтті. Іс-шараға балабақшамыздың 227 тәрбиеленушісі қатысып,   өз қолдарымен  жасалған құттықтау хаттарын қарттар үйіндегі қарияларға  ұсынды.  Сонымен қатар балабақшаның мектепалды тобының тәрбиеленеушісі Биғали Ақерке «Біз бақытты балдырған» әсем әнін жолдады.  Осы мерекге байланыстыбақша ұжымының көңілі құлазып, қоғамымыздың қайырымдылық және мейірімділік ұстанымын құлдыраптау ісіне үлес қосуды жөн көрді. Қарияларымызға ең бастысы денсаулық тілей отырып, қарттар үйінде тұратын қарияларымыздың көңілін көтеру мақсатында әріптестер бірлесіп акция жариялады. Ақция арқылы қарияларға тәттілерден сый –сыйапат жасалды.  Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда. Қай жерде де ата – анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар. Бұл моральдік құқыны құрметтей білу керек. Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке – шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса қартайған ата – анасы оның отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні құт – береке деп танысақ ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата – ана әр кезде де бақытты. Әр қария өз шаңырағында қартайса екен деп тілек білдіреміз!