Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Адрес: ул.Ворушина, 6/2
662408, 662407
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Четверг с 15:00 до 18:00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Біз тәуелсіз елдің, текті ұлттың, рухы бай азат елдің ұрпағымыз.
25-10-2020 20:47
Біз тәуелсіз елдің, текті ұлттың, рухы бай азат елдің ұрпағымыз.
"Біз тәуелсіз елдің, текті ұлттың, рухы бай азат елдің ұрпағымыз.
Бүгінгі ұрпақ бейбіт күнімізбен бақыттымыз. Аллаға шүкір.
Алайда мына опасыздық ойландырмай қоймайды. Төрткүл дүние төрінде көре білгеннің  көзайымына айналған көк туымызды кірлетуге ешкімнің құқығы жоқ!!! Айдың-күннің аманында қасиетті  рәмізімізді келемеждеу мен мазақтаудың шегіне шекара қоюға не кедергі болып жатыр екен?! Ерлік пен елдіктің, бірлік пен татулықтың туын биік ұстау біздің азаматтық міндетіміз. Тілге тиек етер тәуелсіздігіміз барда жігеріміздің мұқалмайтыны сөзсіз. Туымыз тұғырымыздың төрінде тұрсын. Осындай да қанмен келгенді қастерлемесең қарның ашып, қадірің қашатын тұсың да осы! 
 
 
Көк аспанда желбіреген  туын сүйем!!! 
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен... дегендей
Кез келген елін, жерін сүйетін әр қазақтың бойында мына өлең жолдарында айтылғандай отанға деген сүйіспеншілігі зор болуы тиіс.