Қасымжанова Әлия Егінбайқызы - тарих пәнінің мұғалімі
Білімі жоғары, 2004 жылы Павлодар университетін «Тарих пәні мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Санаты жоғарғы, еңбек өтілімі - 20 жыл. Назарбаев Зияткерлік Мектебі «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» курсы бойынша куәлік иегері. Тамыз мәжілісінде «Ең үздік баяндама» Дипломының иегері. «Шоқ жұлдызы» номинациясы бойынша «Жыл мұғалімі» сайысында қала әкімі Н.Әшімбетов атынан Құрмет грамотасымен марапатталған. Облыстық Білім беру басқармасының Алғыс хатын иеленген. Ұлттық бірыңғай тестілеуге сапалы дайындағаны үшін қалалық білім беру бөлімінен, облыстық білім басқармасы атынан Алғыс хатпен марапатталған. Облыстық Білім беру мен тәрбиелеудің Инновациялық орталығының Алғыс хатын иеленуші. 2014 - 2017 оқу жылдары аралығында есімі «Табыс» кітабына енді. Оқушылары 2018 жылы наурыз айында Қостанай қаласында өткен республикалық пәндер олимпиадасының жеңімпаздары: Айдарханов Айдар Қазақстан тарихы пәнінен 3-ші орын, Құттыбаева Адэль Құқықтану пәнінен 3-ші орын. 2018-2019 оқу жылының жетістіктері: Тамыз мәжілісінде «Ең үздік баяндама» Сертификат /облыстық/; 2018-2019 ж.ж, Үздік әдістемелік құрал сертификат иегері. «Менің кіші Отаным» атты жас тарихшыларға арналған республикалық интелектуалдық сайысының облыстық кезенінің қатысушысы.
Сәдуова Жанар Қабденқызы - тарих пәнінің мұғалімі
Білімі жоғары. 1999 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін тарих пәні мұғалімі мамандығы бойынша аяқтады. Санаты - 1. Еңбек өтілі-21 жыл. Кембридж университетінің үшінші деңгейлі сертификат иегері. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренерлерін оқыту курсын аяқтады. Ең үздік әдістемелік-дидактикалық құралдары-2015» қалалық сайысының III-орын иегері. «Білім берудің инновациялық стратегиясы-мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы» тамыз мәжілісінің қатысушысы. Оқушылары 2013-2015 оқу жылында «ХIV ХV ХVI Сәтбаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми конференциясының I, II, III дәрежелі диплом иегері. 2014ж Астана қаласында өткен Қ.Р. Президенті –Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2050» стратегиясы: Бір Мақсат, Бір Мүдде, Бір Болашақ» атты IV Ғылыми-практикалық форумының II орын иегері.
Бәзен Балжан Қанатқызы - тарих пәнінің мұғалімі
Білімі жоғары, 2013 жылы «Тарих» бакалавры мамандығы бойынша Семей қаласының Педагогикалық институтынын аяқтады. 2015 жылы «Тарих» магистрлік академиялық дәрежесін қорғаған. Санаты - 2. Жұмыс өтілі – 2 жыл. 2015 жылы «Жаһандандыру жағдайындағы заманауи гуманитарлық білімнің өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысқан үшін сертификат иеленген. 2015 жылы – «Отан тарихының өзекті мәселелері» атты халықаралық семинарға қатысқаны үшін сертификат иеленген. 2016 жылы – «Білім беру жүйесінде жаңа педагогикалық және ақпараттық технологиялар» атты халықаралық семинарға қатысқаны үшін сертификат иеленген. 2016 жылы – «Жоғары педагогикалық мектепте инновациялық білім беру ортасын институциоландыру» атты халықаралық семинарға қатысқаны үшін сертификат иеленген. Шәкірт дайындау жолында Жанигулова Камила 10 «а» сынып оқушысы «Жаңа қоғамдағы жастардың әлеуеті: білім және ғылым сапасы» атты ХХІ ғылыми конференциясының «Ғылымға алғашқы қадам» номинациясы бойынша І дәрежелі Диплом иегері.