Ауталипова Салтанат Жасұланқызы - химия пәнінің мұғалімі
1984 жылы «Биология және химия» мамандығы бойынша Павлодар педагогикалық институтын үздік дипломмен бітірген. Жұмыс өтілі – 32 жыл. Санаты — жоғары. 2014 жылы Назарбаев Зияткерлік мектебі аясындағы Кембридж бағдарламасы бойынша І-ші деңгей бағдарламасы бойынша оқу курсын аяқтады. 2016 жылы жалпы білім беретін мектепте үш тілдік бағдарламаны енгізу мақсатында ағылшын тілін оқу курсынан өтті. «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДДБҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген мектеп тренерлерін оқыту курсынан өтті. ҰБТ-да жоғары нәтижелер көрсеткен үшін, екі рет «Табыс» кітабына енгізілген. (2006, 2010 ж). «Аймақтық материалды химия сабақтарында қолдану» және «Құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар – өзекті құзыреттіліктерді қалыптастырудың бір тәсілі » тақырыптар бойынша қалалық және облыс мұғалімдері арасында өз тәжірибесін жинақтап таратты. «Химия Қазақстан мектебінде» республиқалық журналда (2012, 2014г) жарияланған мақалалардың авторы. Үздік дидактикалық құрал 2014- 2016ж. І-ші орын иегері ретінде, облыстық білім бөлімнің Алғыс хатымен және сертификатын марапатталған. Павлодар Мемлекеттік Университеттің аппеляциялық коммисиясының химия пәнінен тұрақты мүшесі. Жаңа буын оқулықтарын сараптауға бірнеше рет қатысты және ҚР білім және ғылым министрлігі ОЖСБ және ҰБТ тесттерге сараптама жасауға ұйымдастырылған сараптамалық топтың мүшесі. Жалпы білім беретін мектептерде қолдануға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігі ұсынған «Биология пәнінен бақылау жұмыстарының жинағы 6- 11 сынып» құралдардың авторы. 2010 жылы Павлодар облысының білім беру бөлімінің рейтингтік бағалау нәтижесі бойынша Павлодар облысының білім беру басқармасы 2010 жылы кәсіпкерлікті бағалау іс-әрекет рейтингі бойынша «Алтын қор» кітабына «Павлодар облысының 10 ең мықты химия мұғалімі» номинациясы бойынша енгізілген.
Муслимова Рыскул Сайлаубекқызы - география пәнінің мұғалімі
Білімі жоғары, бірінші санатты,педагогикалық өтілі 12 жыл. 8 сыныптарға арналған «Табиғатты қорғау»,10 сыныптарға «Әлемдік география» тақырыбында арнаулы курс бағдарламаларын құрастырушы. 2014 жылы оқушысы Қадыр Алтынай география пәнінен облыстық сырттай оқу мектебінің шағын олимпиадасында II дәрежелі дипломмен марапатталған. Халықаралық ғылыми практикалық «Геолого-географическая составляющая туристко краеведческой деятельности» семинардың сертификатын иегері. Халықаралық дистанциондық олимпиадасында «Инфоурок» проектінде география пәнінен II дәрежелі диплом Ерсаин Аяулым,география пәнінен III дәрежелі диплом Сағындық Аяулым.Ашық сабақтар сайтында ашық сабақтар жарияланған. Халықаралық ғылыми практикалық конференция бағдарламасына «Педагогтың инновациялық қызметің» мақала жарық көрді. Оқушылары Республикалық КИО қашықтық олимпиаданың сертификат иегерлері. 2015 жылы Май ауданының білім беру бөлімінің Алғыс хатпен марапатталған. 2016 жылы «Нұр Отан» партиясы Май аудандық филиалы атынан Алғыс хатымен марапатталды. 2016 жылы Май аудандық мәслихатының Алғыс хатымен марапатталды.
Султангазина Галия Бекеновна – биология пәнінің мұғалімі.
Білімі жоғары, 2006 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының химия және биология мамандығын аяқтады.Жұмыс өтілі – 12 жыл. 2016 «Нұрлы болашақ» олимпиадалар өткізу орталығының алғыс хатымен марапатталған. «Студенттік ғылым күндері» шеңберінде өткізілген ғылыми конференциясында I дәрежелі диплом берілген. «Білім берудің инновациялық әдістері мен технологиялары» атты II Республикалық оқытушылар сайысы I – орынға ие болған . «Табиғат білгірлері» қалалалық турнирі жүлдегерлерін дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталған. «Мектеп-жоғары оқу орны » аясында өткізілген аймақтық «Ағарту сабағы» шығармашылық сайысы II дәрежелі диплом берілді.