Телефон доверия
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Адрес: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» белгісімен марапатталды
12-12-2020 17:13
«Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» белгісімен марапатталды
Ұстаз-Ұлы есім !!! 
Тәуелсіз  еліміздің  жігерлі  білімді  жастарын тәрбиелеу ұстаздардың  басты  парызы. Ұстаздар  қауымы  бұл  орайда өздеріне жүктелген  міндеттерді  абыроймен  атқарып  жүр. Адам бойындағы ең асыл қасиеттер - ізгілік пен білімділік. Ал адам жанына осы асылды дарытушы - Ұстаз! 
Қазіргі таңда мұғалімнің мәртебесін жылдан-жылға асқақтатып, мұғалімдердің өз білімдерін одан әрі дамытуға қолайлы жағдайлар жасап отыр. Бұл ретте де, қосып өтетін мәселе Павлодар облыстық, қалалық білім бөлімдері де еліміздің болашағы жастарымыздың сапалы білім  алуына, олардың  жоғарғы жетістіктерге жетуіне  жан-жақты  жағдайлар  жасауда. Ұрпақтың санасына білім мен тәрбиені дарытып отырған мына біздерге ұстаздар қауымына да жыл сайын біліктіліктерін шыңдап, оны дәлелдеу ретінде бүгінгі таңда облыстық білім бөлімінің ұстаздар қауымына ұйымдастырылып отырған іс-шараларыңызға мың да бір рахмет. 
Іс-шараға облыс және қала бойынша «Павлодар облысының білім бөліміне сіңірген еңбегі» үшін деген атақ төсбелгісімен жиыны 11 ұстаз жеңімпаз атанды.     
Бүгінгі күнгі жиынның жылдар бойы аңсап жеткен Тәуелсіздік күні мерекесімен орайласып келгенін ескере отырып, осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп, көркею жолында аянбай еңбек етіп жүрген қазақстандықтарды ұлы мерекемізбен құттықтағым келеді. Тәуелсіздік – кез келген елдің ең басты құндылығы.