Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Галлямова Дария балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселесі жөнінде Республикалық балалар өкілдігі кеңесінің мүшесі ретінде тағайындалып, осы ретте қызмет жасауда.
15-10-2021 22:20
Галлямова Дария балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселесі жөнінде Республикалық балалар өкілдігі кеңесінің мүшесі ретінде тағайындалып, осы ретте қызмет жасауда.

Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейкесті мәселелердің біріне айналып отыр.
Дегенмен тәрбиесі мол. «Тәртіпке бас иген адам құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп, Б.Момышұлы айтқандай, еңбек тәртібін сақтап, заңды құрметтеп, тыныш жүрсе, одан ешкім де ұтылмайды.
Қылмыстың алдын алудың бірден-бір жолы – оқушылардың мектептен тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастыру.
Осыған байланысты жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру – жан-жақты тәрбиенің маңызды бір саласындағы жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесі болып табылады. Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында мектебіміздің басшысының құқықтық тәрбие жөніңдегі орынбасары Улжан Сабыржанкызы Исагалиева оқушылармен түрлі жұмыс түрлерін жандандырып мектепте көптеген іс-шаралар атқарып келеді.
Осы ретте айта кететін жайт мектебіміздің үздік оқушысы Галлямова Дария балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселесі жөнінде Республикалық балалар өкілдігі кеңесінің мүшесі ретінде тағайындалып, осы ретте қызмет жасауда.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасалып отырса, жасөспірімдер арасында болатын құқықбұзушылық пен қылмыстың болмауына көп септігін тигізер бірден бір себеп болатын еді. Нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықтың не екенің ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды. Құқықты ұғынумен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру - құқықтық сананың негізгі белгілері болып табылады.