Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ҰБТ мен қорытынды аттестацияға дайындық бойынша шығармашылық топ отырысы өтті
17-01-2017 03:01
ҰБТ мен қорытынды аттестацияға дайындық бойынша  шығармашылық топ отырысы өтті

2017 жылдың 13 қаңтарында № 22 жалпы орта білім беру мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ҰБТ мен қорытынды аттестацияға дайындық бойынша шығармашылық топ отырысы болды. № 37 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мұғалімі Гүлсім Амангелдіқызы Дюсенбина осы топтың мүшесі болып табылады. Шығармашылық топты қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Нүргүл Шалабайқызы Азанбаева басқарады. Әр мектептен келген 10, 11- сынып мұғалімдері эссе жазудың әдістемелік негіздері бойынша ой бөлісіп, тәжірибемен бөлісті. Сонымен бірге функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың тиімді жолдарын белгілей отырып, оқу сауаттылығын дамыту мақсатында мәтіндер құрып, тест сұрақтарын ортаға салды. Келесі отырыс 7 ақпанда өткізіледі. Шығармашылық топ ҰБТ мен қорытынды аттестацияға дайындық бойынша баспа өнімін шығаруды жоспарлап отыр.