Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Қазақстан Республикасының географиясына шолу»
13-01-2017 03:36
«Қазақстан Республикасының географиясына шолу»

img_20170112_131818

Кез келген адам, үлкен не кіші болмасын өз отанын сүйе білуі тиіс. Қазіргі уақытта оқушының патриоттық, отан сүйіспеншілік қасиеттерін дамыту мақсатында мектеп қабырғаларында көптеген тәрбие сабақтары өткізілуде. Осыған орай, мектебіміздің 5 «в» сыныбының факультатив сабағын Бекмухамбетов Сабыржан Думанұлы тәрбиелік мақсатты ұстанып өткізді. Сабақ «Қазақстан Республикасының географиясына шолу» тақырыбында өткізілді. Мақсаты: біріншіден, әр оқушыда отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, екіншіден, Қазақстан Республикасының географиясын танып білу, үшіншіден, оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыру, дамыту.

img_20170112_131838

Оқушылар екі топқа бөлінді: I топ – Қазақстанның физикалық картасы, II топ – Қазақстанның саяси картасы. Оқушылар түрлі кітапшалар, атлас, картаны қолданып, топтың атына сәйкес Қазақстанды сипаттап өтті. Сипаттау барысында оқушылар негізгі деген мәліметтерді дәптерлеріне жазып, ал қосымша ретінде шығармашылық қабілеттерін байқау мақсатында сызбанұсқа және сурет салып жұмыстарын толықтырды, бір біріне сұрақ қойып, бірлесе жұмыс істеді. Екі топ жұмыстарын аяқтап болғаннан кейін, әр топтан екі оқушыдан шығып жұмыстарын қорғады, ал қалған топ мүшелері қойылған сұрақтарға жауап беріп отырды. Сабақ соңында, 2 топ мүшелері жұмыстарымен ауысып, бір бірлерін толықтырды. Бағалау екі топ арасында өтті.

img_20170112_132237

Мұндай сабақ өткізу нәтижесінде, оқушылар өз еркінімен жұмыс істей алады, қолдағы бар ақпаратты тиімді қолданып, сабақтың тақырыбына сай өз отанын танып біледі.