Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Облыстық олимпиада жеңімпаздары
09-01-2017 01:26
Облыстық олимпиада жеңімпаздары

2017 жылдың 5-6 қаңтарында Павлодар қаласының № 16 мектебінде жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық пән олимпиадасы өткізілді. Бүгін, 7 қаңтарда, Естай атындағы мәдениет сарайынла жүлдегерлерді марапаттау бойынша салтанатты жиын өтті. №37 жалпы орта мектебінің облыстық кезеңіне өткен 6 оқушысы жүлделі орынға ие болды. Атап айтсам, ІІІ орын иегерлері биология пәнінен Сарсенбай Аида, 11 «А» сынып оқушысы, дайындаған мұғалімі Калиева К.Т., биология пәнінен 10 «А» сынып оқушысы Каип Ахмади, дайындаған мұғалімі Бектемирова Г.Б., қазақ тілі пәнінен 11 «Б» сынып оқушысы Каирова Назерке, дайындаған мұғалімі Акпарова Т.Т, 10 «А» сынып оқушысы Қабдылбари Анель, дайындаған мұғалімі Г.А. Дюсенбина. Сонымен қатар, ІІ орынға орыс тілі пәнінен 11 «А» сынып оқушысы Бекен Аймира, дайындаған мұғалімі Л.О. Мукатова және тарих пәнінен 9 «А» сынып оқушысы Айдарханов Айдар І орын иегері атанды, дайындаған мұғалімі А.Е.Касымжанова. Жүлдегерлерімізді жеңістерімен құттықтаймыз, білімнің биік белестерінен көрінулеріне тілектеспіз. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, осы оқушыларды сапалы дайындаған ұстаздарымызға алғысымыз шексіз. Дендеріңіз сау, жұмыстарыңызға табысты болсын. Мектебіміз өркендей берсін!