Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жаңа 2017 жылмен құттықтаймыз!
31-12-2016 02:39
Жаңа 2017 жылмен құттықтаймыз!

Жаңа 2017 жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа 2017 жыл бақыт, шаттық, қуаныш, құт - береке әкелсін! Жаңа 2017 жылда ырыстарыңыз көп болып, табыстан табысқа жете беріңіздер! Жаңа жоспарларыңыз жүзеге асып, арман-тілектеріңіз орындалсын! Баршаңызды жаңа 2017 жылмен құттықтаймыз! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауыз біршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сеніміміз нық болсын! Жаңа жыл - бірлік пен татулықтың жылы болсын! Аспандарыңыз ашық, денсаулықтарыңыз мықты болсын! Әріптестерге жаңа жыл шығармашылық табысты, қанжығалары жүлдеге майланған жыл болсын деп тілейміз! Барша Қазақстандықтарға жақсылығы мол, табысты Жаңа жыл болсын! Жаңа жыл құтты болсын!

Әкімшілік

11206411 Құрметті әріптестер! Жаңа Жыл құтты болсын! Адам баласы Жаңа Жылдан көп жақсылық күтеді, Жаңа Жылға көп үміт артады. Армандарыңыз бен тілектеріңізге қосылып, біз Сіздерге алдағы Жылда денсаулығыңыз мықты, бақытыңыз үстем болып, күш-қуаттарыңыз таусылмасын, қанаттарыңыз талмасын деп тілейміз. Шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң өзгерістер, жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен оң шешімдер Жылы болсын деп тілейміз. Жаңа Жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар әкелсін. Өткенге риза болып, Жаңа Жылға бәріміз таза ниетпен, нық қадаммен қадам басайық. Жаңа Жылға елмен бірге жаңа табыстарға жете берейік!!!

Тілек білдіруші бастауыш ӘБ .

Құрметті Әріптестер! Сіздерді Жаңа 2017 жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа 2017 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін! Жаңа 2017 жыл мерекелі, берекелі болып, мерейлеріңіз үстем, беделдеріңіз биік, абыройларыңыз асқақ болуына тілектеспіз!

Тілек білдіруші математика, Физика, информатика ӘБ

Құрметті Әріптестер! Сіздерді келе жатқан Жаңа 2017 жылмен кіршіксіз көңіл, ыстық ықыласпен құттықтаймыз. Жаңа жыл - қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекеміз. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа жылға жақсылықтарымен аттағанын қалайды. Келер жылда отбастарыңызға құт-береке, қызметтеріңізге өрлеу тілейміз. Денсаулықтарыңыз күйлі-қуатты, бақытыңыз баянды, көңіл-күйіңіз тамаша болсын! Алдағы жыл Сізді тек оң өзгерістерімен, ұмытылмас сәттерімен, қызықты кездесулерімен қуантсын! Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген баршаларыңызға бейбіт өмір, тыныштық, мол жақсылық тілейміз.

Тілек білдіруші қазақ тілі, орыс тілі, тарих ӘБ

Барша қазақстандықтарды жаңа 2017 жылдарымен құттықтаймыз! Жаңа 2017 жылда жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Ауыз біршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сеніміміз нық болсын! Жаңа жыл - бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын! Әріптестерімізге шығармашылық табыстар мен биік шыңдар бағындыруларын тілейміз!

Тілек білдіруші дене шынықтыру, музыка, технология ӘБ