Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Көк тудың желбірегені...» байқауының жеңімпазы анықталды
30-12-2016 00:48
«Көк тудың желбірегені...» байқауының жеңімпазы анықталды

Республикалық әскери-патриоттық «Қазақстан патриоты» журналының ел Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай ұйымдастырған «Көк тудың желбірегені...» атты шығармашылық байқауына елдің барлық оқушылары қатысты. Байқау қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасының төрағасы, Қазақстан Педагогикалық Ғылым Академиясының академигі, профессор М.Тоқашбаев және журналдың бас редакторы, ҚР ақпарат саласының үздігі, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының лауреаты Р. Қаршалованың шешімімен, Павлодар қаласы №37 ЖББ мектебінің 4 «В» сынып оқушысы ЖИЕНБЕК ЕРСҰЛТАН жүлделі 1 орынды иеленіп және Дипломмен марапатталды.

Оқушының байқауға қатысуына атсалысып, белсендік танытқаны үшін, 4 «В» гимназиялық сынып жетекшісі, 1 санатты мұғалім Әлия Геннадийқызы Қайырбаева Дипломмен марапатталды. алия дипломАталған байқауға оқушының Туған жеріне арнаған «Отан» өлеңі ұсынылған болатын. Жеңімпаз жүлдегердің шығармасы журналдың алдағы санында жарық көрмек.

Отан

Әр адамның жүрегінде Отан сөзі ойнаған. Туған жерді сағынғанның Көрдім көзін жайнаған. Ұлы елін ұлық тұтқан Қорғап қамал сайлаған, Бабалардың аманаты - Отан - далам, айналам. Отан деген баға жетпес байлығың ғой қайда да, Жер жаһанда қайда болсаң, Сағынатын жәй ғана. Отан деген аялаған алақаны ананың, Отан деген тұғыры ғой, құйып қойған сананың. Бәрін берген, Күнім деген, Балам деген, Болашағым.. данам деген Отанға..... Терім төгіп, еңбек етем! Сол Отаным, маған деген мақтанышпен қарауға!

Жиенбек Ерсұлтан

Бұл өлеңде Ерсұлтан Отынына деген ыстық махабатын жеткізеді және оның болашақта одан әрі гүлденуіне тілекші екенін білдіреді.