«Жағымды көңіл-күй» тренингІ

Мектебіміздің бастауыш сынып оқушыларымен бірнеше тренинг жаттығулары өткізілді. Тренинг жаттығуларына оқушылар белсенді түрде араласып, бір-біріне деген ізгі тілектерін білдіріп, сынып ішінде жағымды қарым-қатынас орнатылды. Осындай тренинг жаттығулары мен ойындардың оқу-тәрбие үрдісіндегі маңызы өте зор. Себебі, оқушылар өздерін еркін сезіне біліп, ашыла түседі. Оқу барысына деген ынта-ықыласы да арта түседі.